Республиканың кейбір таулы аймақтарында ғана қар жаууы мүмкін.
Түнде суық ауа райы сақталады. Ауа температурасы түнде 2-7 градус шамасында суық болады. Күндіз ауа 2-5 градусқа дейін жылыса, оңтүстікте 7-9 градусқа дейін жылы болады.
Кейбір жерлерде әлі де жолдар тайғақ.
Республиканың таулы аумақтарында 9-10 февраль күндері қалың қар жауады. Қар жамылғысының биіктігі екі түнде 60-70 см-ге артып, 150 см-ге жетті, бұл нормадан 2 есеге жуық көп.
Жаңа түскен қар тұрақсыз, сондықтан қар көшкіні қаупі өте жоғары. Тауға шыққанда өте сақ болыңыз!