«Узгидромет» шұғыл ақпарат берді

    «Узгидромет» Өзбекстанның кейбір аумақтарында сел-су тасқыны болатыны туралы тұрғындарды ескертті.

    Хабарда айтылғандай, ағымдағы жылдың 12-13 және 16-17 май күндері күтілетін жауын-шашынға байланысты республиканың тау бөктерлері мен таулы аймақтарында су тасқыны болуы мүмкін.

    Узгидромет төмендегі аймақтарда тұратын тұрғындарды ескертуде:

    - Қашқадария облысы: Яккабоғ, Дехканабад, Шырақшы, Китаб, Шахрисабз, Қамашы, Ғузар аудандары;

    - Сұрхандария облысы: Сариосия, Ұзын, Алтынсай, Денов, Байсын, Шерабад, Шорчи, Құмқорған, Музрабат аудандары;

    - Самарқант облысы: Ургут, Самарқант, Булунғур, Нұрабад, Қошрабат, Каттақорған, Паярик, Жамбай, Иштихан аудандары;

    - Науаи облысы: Хатирчи, Навбахор, Нұрата, Кенимех, Кармана аудандары;

    - Жызақ облысы: Замин, Бахмал, Ғаллаарал, Шараф Рашидов, Фарыш, Янгиабад аудандары;

    - Ташкент облысы: Ахангарон, Бостандық, Паркент, Пискент, Орташыршық, Жоғарыршық аудандарында және Ангрен, Алмалық қалалары;

    - Наманган облысы: Поп, Косонсай, Чартақ, Чуст, Наманган, Янгиқорған аудандары;

    - Ферғана облысы: Сух, Шахимардан, Ферғана, Бешарық аудандары;

    - Әндіжан облысы: Әндіжан, Асака, Жалақудук, Қорғантепа, Пахтаабад, Ізбасқан, Ходжаабад, Мархамат аудандары және Ханабад қаласы.