«Узгидромет» жедел гидрометеорологиялық ақпаратты жариялады

    Ел назарында 31 Yanvar 2023 1853

    «Узгидромет» 1-3 февраль күндері жел күшейіп, су тасқыны болатынын ескертті.

    Үстіміздегі жылдың 31 январь мен 1-2 февраль күндері Өзбекстан аумағына Жерорта теңізі аумағынан ылғалды және салыстырмалы түрде жылы ауа массаларының кіруі күтілуде.

    31 январьда және 1-2 февральда республиканың кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді деп күтілуде.

    1-2 февральда Науаи, Самарқант, Жызақ облыстарының кей жерлерінде жел 25-28 м/с күшеюі мүмкін.

    31 январь және 1-2 февральда республикада өткінші жауын-шашын жауады, 1-2 февральда Самарқант, Жызақ, Ташкент облыстарында кей жерлерде жаңбыр қатты болады.

    Республиканың таулы бөктерінде және таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) қатты болады.

    Сондай-ақ 1-3 февраль күндері жауған қатты жаңбырға байланысты республиканың тау бөктерінде және таулы аймақтарында, сонымен қатар:

    Қашқадария облысы: Яккабағ, Дехқанабад, Шырақшы, Китаб, Шахрисабз, Қамашы, Ғузор аудандарында;

    Сұрхандария облысы: Сариасия, Ұзын, Алтынсай, Денау Байсын, Шерабат, Шорчи, Құмқорған, Музробот аудандарында;

    Самарқант облысы: Үргіт, Самарқант, Булунгур, Нұрабат, Қошработ, Каттақорған, Пайарық, Жамбай, Иштихан аудандарында;

    Науаи облысы: Хатыршы, Навбахор, Нұрата, Кенимех, Кармана аудандарында;

    Жызақ облысы: Замин, Бахмал, Ғаллаарал, Шароф Рашидов, Фарыш, Янгиабад аудандарында;

    Ташкент облысы: Ахангаран, Бостандық, Паркент, Піскент, Орташыршық, Жоғарышыршық аудандарында және Ангрен, Алмалық қалаларында;

    Наманган облысы: Поп, Косонсой, Чортоқ, Чуст, Наманган, Янгиқорған аудандарында;

    Ферғана облысы: Сох, Шахимардан, Ферғана, Бешарық аудандарында;

    Әндіжан облысы: Әндіжан, Асака, Жалақұдық, Қорғантепа, Пахтаабад, Избоскан, Худжаабад, Мархамат аудандарында және Ханабад қаласында су тасқыны болуы мүмкін.

    Тау бөктерінде және таулы аймақтарда тұратын азаматтарға, демалушылар мен таулы аймақтарда жүріп жатқан көлік жүргізушілерінен сақтық шараларын сақтау сұралады.