баннер
17 Apr 2025
09:49

    Паркентте үлкен «Аквапарк» құрылады

    Паркент ауданындағы Қайылма махалласы аумағында 20 гектар жерге заманауи аттракциондармен жабдықталған «Аквапарк» құрылыс жобасының тұсаукесері өтті.

    Оған Ташкент облысының әкімі Зойир Мирзаев, Өзбекстанның халық ақыны, сенатор Махмуд Тоир, Паркент ауданының әкімі Сардор Исоқулов, облыс басқармасының басшылары, аумақтағы фермерлер, қоғамдық өкілдері қатысты.

    Ашық диалогта өткен тұсаукесерде Министрлер Кабинетінің тиісті қаулыларына орай Қайылма махалласындағы Гүлбағ массивінде (орталық жол бойында) бой көтеретін «Аквапарк» туралы жан-жақты мәлімет берілді.

    Атап өткендей, жобаның құны 30 миллион долларды құрайды, онда сауда дүкендері, амфитеатр, жабық жүзу бассейн, аттракциондар, сөрелер, сәндік сарайлар, қонақ үй, жасанды толқындар бар бассейн, субұрқақтар, автотұрақтар салынады.

    Жылына 100 мың саяхатшыларды тарту көзделген бұл жоба 2026 жылдың 2-тоқсанындағы жұмысқа қосуы жоспарланған, онда ауданның 500-ге жуық тұрғыны жұмысқа орналасады деп жоспарлануда.

    Шарада Ташкент облысының әкімі Зойир Мирзаев «Аквапарк» құрылысына байланысты аймақтағы фермерлерге өтемақы ақшасы толығымен төленетінін мәлімдеді.

    Облыс әкімі осы аумақтағы фермерлерді риза ету, төленетін компенсация қаржылары заң бойынша өзара келісім мен бейтарап, әділ баға берілгеннен кейін жұмыс басталатынын айтылды.

    Зойир Мирзаев дәл осы мәселе бойынша облыстың тиісті басқармалары мен кеңселердің басшыларынан құралған арнайы жұмыс тобы құрылып, оның төрағасы Өзбекстанның халық ақыны, сенатор Махмуд Тоир болатынын айтты.

    Мы в Телеграм
    Text to speech