Әлеуметтік желіде таралған «Паркенттегі “Lion Park-те” арыстан тордан шығып, саябақтың ауласында күзетшіге шабуыл жасағаны және оны жарақатталғаны себепті күзетші сол жерде қаза тапқаны» деген тақырыпта ақпарат берілді.
Ташкент облысы ІІБ ақпарат қызметінің хабарлауынша, бүгін, 17 декабрь күні Паркент ауданында орналасқан «Lion Park» жекеменшік хайуанаттар бағында бір торда ұсталған 3 арыстан зообақ ауласына шығып кеткен.
Оқиға кезінде мекеме жұмыс істемеген және жабылған. Аулаға шыққан арыстандар осы жерде күзетші болып жұмыс істейтін, 1980 ж. азаматқа (Ф.И.) шабуыл жасап, жарақаттаған. Өкінішке қарай, 44 жастағы азамат алған жарақатының салдарынан көз жұмды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде арыстандар арнайы торға қайтарылды. Айналадағы адамдарға зиян тигізбеді. Қазір жергілікті халыққа қауіп төніп тұрған жоқ.
Жағдайға байланысты Паркент аудандық ІІБ тергеуге дейінгі тексеру істері жүргізілуде.