Соңғы мәліметтерге сәйкес, Пәкістанның Ауғанстан аумағына жасаған соққылары нәтижесінде «Талибанның» оқ-дәрі қоймасы және 30-дан астам әскери техникасы жойылған.

Соққылар түнде астана Кабулдан басталып, кейін Қандахор және Пактия облыстары да атқылауға ұшыраған. «Талибанның» ресми өкілі Забихуллох Мужахид Кабулға әуе соққылары жасалғанын растады.

Пәкістан шекарадағы қақтығыстарда 72 ауған әскери қызметкері қаза тапқанын мәлімдеді. Өз кезегінде Ауғанстан қорғаныс министрлігі 55 пәкістандық әскери қызметкердің өлтірілгенін алға тартуда.