2022 жылғы 9февральда Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Заң шығару палатасының Спикері Н.Исмаилов бастаған делегация Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошановпен кездесті.
Келіссөздер басында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы қонақты жылы қарсы алып, екі ел парламенттері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудағы қызметіне табыс тіледі.
Кездесу барысында бауырлас өзбек пен қазақ халықтарының кешегісі мен бүгіні, арман-тілектері ұқсас екені, екі елдің өзара сенім мен тығыз достық қарым-қатынасқа негізделген ынтымақтастығы маңызды рөл атқаратыны айтылды.
Елдеріміз Президенттерінің тұрақты өзара сапарлары, шынайы кездесулері мен диалогтары халықтарымыз арасындағы уақыт сынынан өткен достық қарым-қатынастарға жаңа серпін береді.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы стратегиялық елдер арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толып, барлық саладағы ынтымақтастықтың тұрақты дамуы үшін берік негіз қаланғанын атап өтті.
Өз кезегінде, Олий Мажлистің Заң шығару палатасының Спикері Н.Исмаилов Өзбектан-Қазақстан одақтастық байланыстары мен интеграциялық байланыстарды дамыту мен нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты.
Кездесуде Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің Заң шығару палатасының Спикері Н.Исмаилов пен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Е.Қошанов Парламентаралық ынтымақтастық кеңесін құру туралы келісімге қол қойды.
Сындарлы және өзара сенім рухында өткен кездесуде Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту және оны жаңа мазмұнмен байыту, норма шығармашылығы саласында тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Өзбектан Республикасы Олий Мажлисі Заң ышғары палатасының баспасөз қызметі. хабарлады.