Парламентаралық одақпен жүзеге асырылатын жоспарлар қаралды

    Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева Азия әйел-қыздар форумы аясында Парламентаралық одақтың Бас хатшысы Мартин Чунгонгпен кездесті.

    Диалог барысында Олий Мажлис Сенаты мен Парламентаралық одақ арасындағы ынтымақтастықтың іс жүзіндік жақтары талқыланды. Атап айтқанда, келесі жылы Өзбекстанда өтетін Парламентаралық одақтың 150 -жылдық мерейтойлық Ассамблеясының ұйымдастыру үдерістері туралы пікір алмасты.

    Ассамблеяның парламенттер арасында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша өзара тәжірибе алмасу, Өзбекстан парламентінің қызметімен танысу, 2030 жылға дейінгі стратегияны жүзеге асыруда парламенттердің қатысуын жандандыру, ТДМ-ға қол жеткізу бағыттарын талқылау үшін маңызды платформа болатыны ерекше атап өтілді.

    Сондай-ақ елімізде өтіп жатқан Ассамблея адам құқықтары, гендерлік теңдік, жастардың мүмкіндіктерін кеңейту, климаттың өзгеруіне қарсы күресте парламенттердің ынтымақтастығын нағайтуға қызмет ететіні тілге тиек етілді.

    Кездесу соңында тараптар ынтымақтастық байланыстардың барлық бағыттарын одан әрі жандандыруға келісті, деп хабарлады Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates