Санкт-Петербургте киллер өзбекстандық жүргізушіге оқ атты

    Өткір сигнал 20 Fevral 2024 1734

    Гимназия жанында киллер Петербургтік адвокаттың жүргізушісіне оқ атқан.

    Жүргізуші оқу орнына адвокаттың балаларын алып келген болатын.

    Выбогрское шосседегі 622-санды гимназияның жанында ер кісіге оқ атты. Ол Санкт-Петербургтік адвокаттың жүргізушісі болып жұмыс істейді екен.

    Балаларды гимназияға 41 жастағы Өзбекстан азаматы Рустамбек А. қара түсті Toyota Camry көлігімен әкелді. Одан кейін петербургтік адвокаттың жүргізушісі балаларды оқу орнына дейін шығарып салу үшін көліктен түскен. Жүргізуші көлікке қайтып келе жатқанда, киллер оны Макаров тапаншасынан басының желке тұсынан атқан. Біздегі алғашқы мәлімет бойынша, киллер қателескен: оның мақсаты жүргізушіні атып тастау емес еді.

    Қазіргі кезде, жәбірленуші тыныс алып жатқаны, бірақ есін жоғалтқаны белгілі болды. Балалар зардап шеккен жоқ. Гимназияда сабақтары әдеттегідей жалғасуда. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр деп хабарлайды 78.ru.

    Ер адамды атқан киллер іздестірілуде. Полиция оқиға орнынан Макаров тапаншасының бір дана 9 миллиметрлі гилзаны тауып алды.

    78.ru куәгерлерден сұхбат алды. Әйел оның қай жақтан атылғанын көрмеген. Оның айтуынша, көлікке ер адам кішкентай қызбен отырған.

    — Ол ер адам (киллер, редакциялық түсініктеме) қашып кетті, бірақ мен оны анық көре алмадым, өйткені мен құлаған адамға қарап тұрдым», - деп түсіндірді куәгер әйел.

    Алдымен полиция, сосын жедел жәрдем келді. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, зардап шеккен ер адам комада жатыр.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates