– Жаяу жүру арқылы ағза айтарлықтай мөлшерде калория жоғалтады, – дейді Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Тұрғындардың салауатты өмір салтын қолдап-қуаттау және  денешынықтыру белсенділігін арттыру орталығының директоры Нодира Алиханова. — Мысалы, салмағы 70 келі адам жүгіру кезінде сағатына 500-600 килокалория, жаяу жүргенде 250 килокалория жұмсайды.

Нәтижесінде артық энергия жұмсалады, гормондар істеп шығырылады, бұлшықеттердің қанмен қамтамасыз етілуі жақсарады. Омыртқа сүйегі жасушалары оттегімен қанығады. Жүйке талшықтары нығайып, инфаркт пен инсульт сияқты ауыр аурулардың қаупі екі есе азаяды.

Жүргенде әр минутта 5 килокалория жоғалады. Салмақ неғұрлым көп болса, соғұрлым көп энергия жұмсалады. Мысалы, 1,5 шақырым жаяу жүргенде:

- 72 килограмм салмағы бар адам - ​​105 килокалория,

– 100 келі салмақтағы адам 135 килокалория жоғалтады.

Жаяу жүру арқылы ағзадағы барлық артық тұздар мен токсиндер денеден шығарылады. Соның нәтижесінде дене тазарады, адам оңай қозғалады, денсаулығы жақсарады, өмірі ұзарады.

Маманмен сұхбатты Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі жүргізді.