Жаяу жүргіншілерге жол бермеген автобус жүргізушісі жұмыстан қуылды

    Әлеуметтік желілерде Ташкент қаласындағы 136-санды автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілерге жол бермей тұрғанын көрсететін бейнежазба таралды.

    «Тошшахартрансхизмат» АҚ баспасөз қызметі жағдайға қатысты түсініктеме берді.

    Мәлім болғандай, «2-автобус сарайы» филиалына бекітілген 136-санды автобустың жүргізушісі А.Н. Алмазор ауданы Сақичмон көшесімен жүріп келе жатқан кезде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған.

    Қазірде жүргізуші тәртіпке салынөан жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілерге жол бермей, жол қатынау бөлігінің оң жағына шығып кеткен.

    Қазіргі уақытта жүргізуші А.Н. және «2-автобус сарайы» филиалы арасында жасалған еңбек шарты жойылған.

    «Сонымен қатар, барлық жүргізушілермен жолаушыларды қауіпсіз тасымалдау және оларды діттеген жеріне аман-есен жеткізу ең жоғары мақсат екенін, жолаушыларға сыпайылық таныту, қызмет көрсету мәдениетін арттыру туралы тағы бір рет түсіндіру істері жүргізіліп, жүргізушілерді бақылау күшейтілді», деген хабарда.