Пәкістанда «Made in Uzbekistan» көрмесі өтіп жатыр

    Үстіміздегі жылдың 11 февралында Лахор қаласында Өзбекстан-Пәкістан қарым-қатынастарының тарихында тұңғыш рет «Made in Uzbekistan» ұлттық өнімдері көрмесі өз жұмысын бастады.

    Өзбекстан Республикасы Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған бұл шараға екі елдің мүдделі министрліктері мен кеңселері, салалық бірлестіктердің басшылары, 500-ден астам іскер топ өкілдері қатысуда.

    Көрмеде Өзбекстанның электротехника, құрылыс материалдары, тоқымашылық, былғары-аяқ киім, жиһаз және ағаш өңдеу, химия өнеркәсібі, фармацевтика, ауыл шаруашылығы, азық-түлік өнеркәсібі және туризм сияқты салаларға мамандандырылған 100-ге жуық ірі ұлттық компаниялары өз өнімдерін ұсынуда.

    Шара аясында «B2B» және «G2B» келіссөздері ұйымдастырылуда. Бизнесмендер жаңа байланыстар орнату және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылауда. Сондай-ақ екі елдің ресми өкілдері өзара сауда көлемін арттыру мақсатында жаңа сауда келісімдерінің техникалық және құқықтық жақтарын талқылауға мүмкіндік алды.

    Мамандардың айтуынша, «Made in Uzbekistan» көрмесі өзбек өнімдерін Пәкістан базарына шығару, екі елдің бизнесмендері арасындағы қарым-қатынасты нығайту, жаңа инвестициялық жобаларды іске қосуда маңызды платформа қызметін атқарады.

    Шара соңында Өзбекстан мен Пәкістан кәсіпорындары арасында жалпы құны 500 миллион долларлық сауда келісіміне қол қойылады деп күтілуде, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    March 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates