Адам саудасына қарсы күрес және лайықты еңбек мәселелері жөніндегі Ұлттық комиссияның Ішкі істер министрлігі, Халықаралық миграция ұйымының Өзбекстандағы өкілеттігімен ынтымақтастықта өткізілген аталмыш шара 30 июль — Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне және «Адам саудасына қарсы күрестегі отыз күндік ынтымақтастық» айлығының аяқталуына арналған.
Онда Олий Мажлис Сенатының Төрайымы, Адам саудасына қарсы күрес және лайықты еңбек мәселелері бойынша Ұлттық комиссия төрайымы Т.Нарбаеваның жолдауын конференция қатысушыларына оқыды.
Атап өткендей, соңғы жылдары елімізде барлық салаларда, ең алдымен, адам құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз ету бағытында ауқымды реформалар жүзеге асырылды. Бұл бағытта парламент, үкімет және азаматтық қоғам институттарының іс жүзіндегі ынтымақтастығы мүлде жаңа деңгейге көтерілді.
Атап айтқанда, адам саудасына қарсы күрес жөніндегі ұлттық заңнама жетілдіріліп, соңғы 5 жылда бұл бағытта 40-қа жуық нормативтік құқықтық құжат қабылданды.
Конференция барысында адам саудасына қарсы күрес саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдіру, құқық қорғау органдарының рөлін күшейту және жұртшылықты хабардар ету бойынша атқарылған жұмыстар қатысушылар тарапынан ерекше бағаланды.
Іс-шараға қатысқан мемлекеттік органдардың өкілдері, азаматтық қоғам ұйымдары, сарапшылар, сондай-ақ шетелдік дипломатиялық корпус өкілдері тарапынан адам саудасына қарсы күрес саласында жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігін арттыру, халықаралық тәжірибені ұлттық іс-тәжірибеде қолдану, адам саудасына қарсы күрес бойынша инновациялық жанасулар, ақпараттық технологияларды пайдалану, құрбандарды анықтау және оларға көмек беру механизмдері талқыланды.
Конференция соңында қатысушылар қорытынды құжат – коммюнике қабылдады. Осы құжатта қатысушылар білдірген ұсыныстар мен пікірлер негізінде адам саудасына қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, саладағы алдағы үстем міндеттер бойынша бірқатар ұсыныстар өз көрінісін тапты, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.