Өзбекстан Президенті Әндіжан облысына барады

    Билік 17 Iyun 2021 2375

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев аймақтардағы өзгерістер және халықтың тыныс-тіршілігімен танысу үшін Әндіжан облысына сапармен барады.

    Екі күндік жұмыс сапары барысында тоқыма, агроөнеркәсіптік және ауылшаруашылық кәсіпорындарының қызметімен танысу, құрылыс жұмыстары нысандарын аралау жоспарланған.

    Сонымен қатар, «Жаңа Әндіжан» қалашығының құрылысын бастау сапардың маңызды оқиғаларының бірі болмақ.