Президент махалладағы жұмыспен қамту мәселесінің қалай жүзеге асырылып жатқанын көрді

    Билік 24 Fevral 2023 5268

    Мемлекет басшысы Қаршы ауданындағы «Янги Батош» махалласында болып, тұрғындардың тыныс-тіршілігімен танысты.

    Мұнда 4 мыңнан астам адам тұрады. Аудан абаттандырылып, кәсіпкерлік дамып келеді. Тоқыма кәсіпорны, дәріхана, банкомат, азық-түлік дүкендері, қызмет көрсету шеберханалары халық қызметінде.

    Осы махаллада еңбек шарты негізінде жұмысқа қабылданып өз үйінде жұмыс істейтін орталығы құрылуда. Президент мұндағы жасалған жағдаймен танысты.

    Мұнда тігіншілік, былғары, кілем бұйымдарын өндірумен қатар өз үйінде тігушілер де жұмыс істеуге үйретіледі. Әкімнің көмекшісі мен қыз-келіншектер белсендісі жұмыссыз жүрген азаматтарды анықтап, қызығушылықтары мен қалауларына қарай шеберлерге бекітеді. Тапсырысты дайындауды толық меңгерген үй шаруасындағыларға үйде жұмыс істеуге қажетті станок пен шикізат беріледі. Тапсырыс беруші мен жұмысшы арасында жасалған шарттарды облыс әкімінің орынбасары «Бірыңғай ұлттық еңбек жүйесіне» енгізеді.

    Мемлекет басшысы мұндағы қолөнершілерді шикізатпен қамтамасыз етуді, халық тығыз орналасқан аудандардағы колледждердің жекелеген бөлмелерін жұмысшыларға беруді тапсырды.

    –Қолөнерді үйренудің ең үлкен ортасы ол махалла. Осы дәстүрді пайдалана отырып, жастарды үй шаруашылығы мен ұстаз-шәкірттік негізінде өнерге баулуға болады. Бұл оларға, әсіресе қыз-келіншектерге рухани да, материалдық та күш болмақ, – деді Шавкат Мирзияев.

    Орталық «Янги Батоштан» басқа көршілес «Батош», «Ханиян», «Тарақкиот», «Дашт», «Жумабозор» сияқты махаллаларға да қызмет көрсетеді. Ол толықтай іске қосылғанда 24 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтудың маңызды факторы болмақ.