Қазірде зәулім зал кәсіпкерлермен толы. Барша қатысушылар мемлекет басшысының кәсіпкерлермен сұхбатын жаңа форматта және тарихи бастама ретінде бағалауда.
Хорезм облысынан келген жас кәсіпкер “Sevinch medikal centr” жекеменшік клиникасының басшысы, “Ешлар келажаги” медалінің иегері Шахло Юлдошева да осы пікірде.
Президентіміз жастарды қолдап-қуаттап, жан-жақты көмектесіп келе жатқаны бізге үлкен мотивация беруде. Сол назар мен қамқорлықтан жігерленіп, 2018 жылы “Ешлар келажаги” қорының қаржысы есебінен жекеменшік клиника аштым.
Бүгінде клиникамызда 60-қа жуық маман-қызметкер істейді. Қызметімізді және қызмет көрсету түрін тағы да кеңейтуді мақсат еткенбіз. Атап айтқанда, онкологиялық ауруларды емдеу бөлімін ашамыз. Президентпен бүгінгі диалогымыз кәсіпкерлер үшін тарихи күн болып қалатынын және қызметімізде жаңа беттер ашатынына сенемін. Өз кезегінде, барлығымыз үшін мүдделі ұсыныстар мен бастамалардың орындалуына жол ашады.