Президент бірқатар салалардың құрылыс жобалары таныстырылымына қатысты

    Билік 20 Sentabr 2021 3969

    20 қыркүйекте Президент Шавкат Мирзияев білім, мәдениет және медицина саласындағы құрылыс жобалардың таныстырылымына қатысты.

    Мемлекет басшысының осы жылдың 23 маусымындағы жарлығына сәйкес «Жаңа Өзбекстан» университетінің негізі қаланған еді. Қаулыда университет үшін заманауи оқу қалашығының құрылысы қарастырылған.

    Осы мақсатта түрік инженерлерімен бірлесіп жоба жасалды. Бүгінгі іс -шарада жобаның негізгі аспектілері, болашақ ғимаратта жасалатын жағдайлар туралы ақпарат берілді.

    Жобалар таныстырылымында медицинаға қатысты таныстырылым өтіп, онда Республикалық онкология және радиология медициналық орталығына жаңа ғимарат салу міндеті қойылып, Ташкент медициналық академиясының емханасының аумағынан жер бөлінді.

    Шетелдік медициналық мекемелердің озық тәжірибесін, дәрігерлер мен емделушілерге барлық жағдайды ескере отырып жоба әзірленді.

    Жаңа ғимарат 10 қабаттан тұрады, бірінші қабатта консультациялық емхана мен қабылдау бөлімі. Жоғарғы қабаттарда 650 стационарлық және 100 амбулаторлық орындық емдеу бөлімдері қарастырылған. Сондай-ақ Ташкент медициналық академиясы, Ташкент хирургтар біліктілігін асыру институты, магистратура мен ординатураға жағдай жасайды.

    Ғимараттың 3 қабатты жер асты бөлігінде радиология және сәулелік терапия бөлімдері, заманауи компьютерлік томография, магнитті-резонансты томографиясы, цифрлық рентгендік қондырғылар және басқа да заманауи диагностикалық бөлімдер болады.

    Мемлекет басшысы құрылысты халықаралық стандарттарға сай, жоғары сапада жүргізуді және ғимараттарға қызмет көрсетуге техникалық қызметкерлерді дайындауды тапсырды.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates