Президент Бұхара ауданындағы махалла тұрғындардың тыныс-тіршілігімен танысты

    Билік 17 Fevral 2023 6058

    Президент Шавкат Мирзияев Бұхара ауданына қарасты «Работиқалмоқ» махалласында болып, тұрғындардың тыныс-тіршілігімен танысты.

    Мұнда 9 мыңнан астам адам тұрады. Төменгі жүйедегі мақсатты жұмыстардың нәтижесі де осы төңіректе байқалады – кәсіпкерлік дамып, жұмыс орындары көбейуде. Атап айтқанда, бұрын пайдаланылмай келген алаңда тігін кәсіпорны құрылды. 30-дан астам қыз-келіншек өз махалласында жұмысқа орналасты. Жуырда ғана жұмыс басталғанына қарамастан кәсіпорын 100 мың тоқыма бұйымдарға тапсырыс алған.

    Мемлекет басшысы аталмыш кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен танысып, жұмысшылармен әңгімелесті.

    – Махалладағы өзгерістерді, жұмыс істеп жатқаныңызды көріп қуандым. Бұл біздің халық арасына еніп, халықпен бірге жұмыс жасауымыздың аз ғана жемісі. Әкімшілік, ұйымдар жағдай жасап, әр отбасы өзін-өзі асырай алса, мақсатыма жеткен болармын. Сонда үлкен отбасымыз – мемлекетіміз берік болады – деді Президент.

    Осы жерде облыстағы кәсіпкер әйелдердің қолөнер бұйымдарының үлгілері ұсынылды. Олар өндірісте және шаруашылықта қыз-келіншектерді жұмыспен қамтамасыз етіп отырғандарын айтты. Мемлекет басшысы шенеуніктерге осы бағыттағы іс-әрекеттерін қолдауды тапсырды.

    Бұл махаллада 10-нан астам сауда және қызмет көрсету орындары, сондай-ақ кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы бар. Ауылдық азаматтар жиналыс ғимараты толық жөндеуден өтті. Тұрғындардың бос уақытын мазмұнды өткізу үшін «Аталар шайханасы», кітапхана, спорт алаңы, монша, аллеялар ұйымдастырылған.

    Мемлекет басшысы осы жағдайларды аралап көрді және осындағы Бахтияр Пулатовтың үйінде қонақта болды.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates