Атап айтқанда, Бұхара қаласындағы «Бухара Агрокластер ДЗЗ» кәсіпорнында сүтті өңдеп, қораптау ісі қолға алынған. 6,2 миллион доллар инвестиция арқылы қараусыз қалған жерге заманауи кешен салынып, Италия мен Ресейден құрал-жабдықтар әкелінді. 2021 жылы ашылған кәсіпорында, бүгінде жылына 22 мың тонна сүт өңделеді. Одан жасалатын айран, сүт, ірімшік, йогурт, кілегей, қаймақ сияқты қырықтан астам өнімдер бар. Мұнда 150 тұрғын жұмыспен қамтылған.

Мемлекет басшысы мұндағы жұмыс барысы және өнімдермен танысты.

Жұмыс көлемі мен кірістің артуы кластер қызметін кеңейтуге қызмет етті. Кешен аумағында жаңа нысандар бой көтерді. Атап айтқанда, кәсіпорын жүйесінде жер телімдерінің өнімділігін анықтайтын заманауи зертхана іске қосылды. Ол заманауи неміс технологияларымен жабдықталған, ол қырықтан астам топырақ құрамын және он шақты су көрсеткішін анықтауға қабілетті.

Бұхара облысының егістік алқаптарының тұздану деңгейі басқа аймақтармен салыстырғанда жоғары. Өнімділікке жету үшін топырақты талдау өте қажет. Бұл зертханада топырақтың химиялық құрамы зерттеліп, сол арқылы өсімдіктердің минералды және органикалық тыңайтқыштарға қажеттілігі анықталады. Топырақтың қасиеті мен тұздылығы да терең зерттеледі. Оның қорытындысы бойынша жерді реттеу шаралары қолға алынады.

Осында жасалған деректер кәсіпорынның басқа жобасы – «Agro Smart Map Uz» платформасына жүктеледі. Осы мәліметтер негізінде жер иелері қажетті агротехнологиялық ұсыныстар алады.

Мемлекет басшысы зертханадағы жағдаймен танысты. «Бұқара Агрокластерінің» кезекті жобалары туралы ақпарат берілді.