Мемлекет басшысы азматтарды марапаттады

    Билік 30 Avgust 2023 6259

    Президент Шавкат Мирзиёевтің жарлықларына сәйкес Өзбекстан Республикасы тәуелсіздігінің отыз екі жылдығына орай бір топ өзбекстандық құрметті атақт ордендер және медальдармен, ал шетелдік инвесторлар «Достық» орденімен марапатталды.

    30 тамыз күні Көксарайда осы марапатты табыстау рәсімі өтті.

    Мемлекет басшысы алдымен салтанатты шараға қатысушыларды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Осы кезеңде республиканың үлкен жетістіктерге жеткені, барлық салада өзгерістер болып жатқаны айтылды.

    – Біз халық мүддесін қамтамасыз ету және адам абыройын асқақтатуға бағытталған іс-әрекеттерді жалғастыру мақсатында «Өзбекстан – 2030» стратегиясын әзірледік. Оның жобасын талқылауға қойғанда, бізге 1 миллионнан астам ұсыныс түсті. Бұл нені білдіреді? Халқымыз бейжай қарамайды. Біздің бағыт-бағдарымыз бен кемшіліктерімізді көрсетіп тұр. Бұл біз үшін «жол картасы». Мемлекеттің ең үлкен төрешісі – халық, деді Президент.

    Бұл маңызды құжатта Еліміздің тәуелсіздігі мен тыныштығын көздің қарашығындай сақтау, қуатты экономиканы қалыптастыру, халқымыздың тұрмыс-тіршілігін гүлдендіріп, бақуатты ету, балаларымызды жақсы тәрбиелеу міндеттері айқындалған.

    - Қарапайым тілмен айтқанда, біздің мақсатымыз біреу ғана: Жаңа Өзбекстанда халқымыз еңбек ететін, өмірінен риза кейіпте, бақытты өмір сүретін ел құру, - деді Шавкат Мирзиёев.

    Мұның негізі – ең алдымен бейбітшілік пен тұрақтылық. Халқымыз мұны жоғары бағалайды және талпыныс пен еңбек рухында өмір сүреді. Жаңа заманауи өнеркәсіптік кәсіпорындар іске қосылуда. Ғылым, техника, қызмет көрсету саласында маңызды нәтижелерге қол жеткізілуде. 2022 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің экономикалық өсу қарқыны 5,7 пайызды құрады.

    Бүгінде республиканың барлық аймақтарында жайлы үйлер, жолдар мен көпірлер, ауруханалар, балабақшалар, мектептер, мәдениет және спорт орталықтары бой көтеруде. Табиғаттың қиындығына қарамастан ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол өнім алынуда, халықтың азық-түлік қауіпсіздігі мен дастарханының молдығы қамтамасыз етілуде.

    Осылар туралы айта тұрып Президент ұлы ойшыл Әлішер Науаидың «Дүниеде адамдардың қайғысы мен уайымын ойлап өмір сүру – адамзаттың ең жоғарғы өлшемі» деген сөзін келтірді.

    Оның көрінісін әлеуметтік қорғауды қажет ететін халыққа, оның ішінде қарттарға, әйелдер мен жастарға жасалып жатқан қамқорлықтан айқын көруге болады. Күн көрісі төмен отбасыларды қолдау, сапалы білім беру, заманауи кәсіптерге оқыту, инфрақұрылымды жақсартудың арқасында республикада кедейшілік деңгейі айтарлықтай төмендеуде.

    Мемлекет басшысы елді мекендердегі жұмысты, халықтың белсенділігін атап өтті.

    – Біз бірінші күннен бастап халық ішіне кіріп барудамыз. Біз жүйені махаллаға енгізудеміз. Неліктен? Махалла – мемлекеттігіміздің тұғыры. Егер 9400 махалла тыныш болса, еліміз тыныш болады. Инвестиция, білім, құрылыс, абаттандыру махаллада болса, қандай өзгеріс болады?! Міне «Ашық бюджет» арқылы халық өз мәселесін көтеріп, дауыс беріп, өзін-өзі бақылауда ұстауда. Сондықтан біз махалла жүйесін дамыту бойынша жұмысымызды қатаң түрде жалғастырамыз, – деді Шавкат Мирзиёев.

    Президент салтанатты шараға жиналғандарды есімдерімен атап, мемлекеттік наградаларымен құттықтады. Оларды Жаңа Өзбекстанның нағыз жасампаздары ретінде бағалайтынын баса айта келе, олардың жанқиярлық еңбегі мен өскелең ұрпаққа үлгі-өнегесі үшін алғысын білдірді.

    - Бақыт деген не? Баланың құшағында аман-есен жүріп, отбасында, елде сүйікті болып, адал еңбегіңнің қадірін көру. Бүкіл халқымыз сіздерді мақтан тұтып, мақтанышпен қарайды. Ылайым, осы бедел мен құрмет сізден ешқашан кетпесін, – деді Шавкат Мирзиёев.

    Мұнан соң марапатталғандарға құрметті атақ, орден және медальдар салтанатты түрде табыс етілді.

    Мемлекет басшысының бастамасымен ұлттық болмысымызды жүзеге асыру мақсатында «Имам Бұхари» ордені табыс етілгені белгілі. Республикада, өңірде қасиетті ислам дінін сақтау, ғылыми мұраларды зерделеу және оны халыққа жеткізу жолында рухани ерлік көрсеткен екі ұлы мүфтилер – шейх Зиёвуддинхан ибн Ишан Бабахан мен шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Юсуф хәзірет «Жоғары дәрежелі Имам Бұхари» орденімен марапатталған еді. Мерекелік шарада олардың балаларына осы сыйлық табыс етілді.

    Ел-жұрт құрметіне бөленген ақсақалдар, мемлекеттік қызметшілер, ғалымдар мен педагогтар, кәсіпкерлер, өнеркәсіпшілер, шығармашыл жандар мен өнер қайраткерлері, әскерилер, спортшылар мен жаттықтырушылар марапатты қабылдап алды.

    Президент оларды құттықтап, жүрекжарды сөздері мен тілектерін білдірді.

    – Бүгін мен сіздердің ашық жүзіңізді, жайнаған көздеріңізді, биік рухыңызды көріп қуанып отырмын. Ниетім: кеудеңізге жарасатын осынау биік атақ пен төсбелгілер сіздерге жаңа қуат берсін, – деді Мемлекет басшысы.

    Марапатталғандар жоғары ілтипатқа ризашылықтарын білдіріп, елімізге амандық тіледі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates