Шавкат Мирзияевтің қатысуында аймақты әлеуметтік-экономикалық жағынан дамыту бойынша жиын өтті

    Билік 13 May 2022 4622

    Ферғана қаласында Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің қатысуымен аймақты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жиын өтті.

    Ферғаналықтар іскерлігінің арқасында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілуде. Атап айтқанда, өткен жылы 10 мыңнан астам шағын кәсіпкерлік субъектілері құрылды. Экспорт 44 пайызға өсіп, 801 миллион долларға жетті.

    Қувасой қаласындағы «Кварц» кәсіпорнында 70 миллион доллар инвестиция есебінен жылына 22 миллион шаршы метр құрылыс шынысын шығаруды жолға қойды. Куштепадағы «Global Textile Infiniti» кәсіпорны дайын тоқыма өнімдерін шығару бойынша құны 120 миллион еуроны құрайтын жобаны жедел түрде жүзеге асыруда. Кәсіпорын төртінші тоқсанда іске қосылып, 3 мың жаңа жұмыс орны ашылады.

    – Біз дұрыс жолды таңдадық, – деді Шавкат Мирзияев. – Бұл мекендер де өз нәтижесін беріп жатыр. Ферғана облысы 801 млн долларлық экспорт жасады. Біз жұмыс бастаған кезде 50 миллион долларды көздеген едік. Қазір 1 миллиард доллар экспорт туралы айтып отырмыз. Бұл өңірлік өнімдердің әлемдік нарыққа бәсекеге қабілетті екенін білдіреді. Ол үшін ақыл, білім, батылдық қажет. Биылғы жылдың соңына дейін жергілікті бюджетте 1 триллион сум қалады деп күтілуде. Оның есесіне адамдарға жағдай, бизнес инфрақұрылымы болады. Енді осы жолды жалғастыруымыз керек.

    Мемлекет басшысы өңірде шенеуніктердің қатысуымен көшпелі қабылдаулар өткенін, оларда көтерілген мәселелердің басым бөлігі жергілікті деңгейде екенін атап өтті.

    – Біз мұнда келмес бұрын қабылдаулар ұйымдастырдық. Тұрғындардың өтініштерінің 45 пайызы сол жердің өзінде оң шешімін тапты. Бұл жақсы және біз бұл тәжірибені жалғастырамыз. Бірақ сұрақ туындайды: әкім, сектор басшылары не істеді? Мұндай жауапсыздық адамдарды сарсаңға салуды тоқтатуы керек», - деді Президент.

    Халықтың бастамалары қолдау тауып, әр махалланың мамандандырылуы дамытылып, биыл 147 мың адамды жұмыспен қамтуға 1 триллион сумнан астам қаржы бөлінетіні айтылды.

    – Біз барлық салада махалла жүйесінің рөлін арттырудамыз. Махалла халықтың пікірі, халықтың қалауы болып табылады. Біз бұл үшін құқықтық негіз жасадық. Ферғана облысында 1062 махалла бар. Әкімнен бастап, аудан төрағасына дейін тиісті ұйымдарды жұмылдырып, халықтың жүгін жеңілдету керек. Бұл жағынан Ферғана үлгі болуы қажет.

    Мемлекет басшысы кәсіпкерлер махаллалардың дамуы мен әлеуметтік мәселелерді шешудің негізі екенін атап өтті.

    – Кәсіпкерлерге жағдай жасасақ, халық ұтады, жастар ілеседі. Кәсіпкерді құрметтесек, ол да халықты сыйлайды, – деді Шавкат Мирзияев.

    Өңірлік кәсіпкерлердің 183 инвестициялық жобасын қаржыландыру үшін Қайта құру және даму қорынан қосымша 23 миллион доллар бөлінеді.

    Жиында Премьер-Министрдің орынбасарлары мен басқа да шенеуніктер халық алдында өздерінің жүйесін төменгі деңгейде қалай пайдалануы туралы есеп берді.

    Облыста 2022-2023 жылдары өнеркәсіп, қызмет көрсету және ауыл шаруашылығы салаларында құны 31 триллион сум болатын 1268 инвестициялық жоба жүзеге асырылатыны атап өтілді. Химия, құрылыс материалдары, тоқыма, электротехника, былғары және фармацевтика өнеркәсібі «драйвер» болады.

    Ауыл шаруашылығында 653 жоба жүзеге асырылып, 23 мың тұрақты жұмыс орны ашылады. Алтыарық, Ферғана және Бағдат аудандарында 1200 гектар жерге интенсивті бау-бақша мен жүзім алқабы отырғызылып, ол кәсіпкерлерге 10 жылдық мерзімге бөліп төлеу шатрымен беріледі.

    Сондай-ақ тұрғын үйлер мен жолдар салу, электр және ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсарту, мектеп мен балабақшаларды жөндеу бойынша жоспар айтылды.

    - Біз Ферғанадан үлкен нәтиже күтеміз. Бұл ел тарихтан белгілі ғылым, тәртіп, мәдениет, қолөнердің үлгісі болды. Ферғаналықтар еңбекқор, іскер. Осы әлеуетімізді, ішкі мүмкіндіктерімізді толық іске асыру арқылы халқымыздың көңілінен шығу керек.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates