Бұл туралы ӨзА хабарлады.

Айтылуынша, аталған жарлық Наурыз жалпыхалықтық мерекесі мен қасиетті Рамазан айт қарсаңында халқымызға тән ізгілік, мейірім, кеңпейілділік, кешірімділік сияқты асыл қасиеттерді көрсетеді және мемлекет жүргізіп отырған гуманистік саясаттың нақты көрінісі болып табылады.

Жарлыққа сәйкес, Өзбекстан Республикасы Конституциясының 109-бабының 23-пункіті негізінде жаза мерзімін өтеп жатқан және жасаған ісіне шын көңілден өкінген әрі түзелу жолына түскен 392 адамға рақымшылық жасалды.

Рақымшылық жасалғандардың 223-і негізгі жазадан толық босатылды, 82-сі жазасын өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды, 34 адамның бас бостандығынан айыру жазасы жеңілірек жазаға ауыстырылды.

Сондай-ақ, 53 тұлғаға бас бостандығынан айыру жазасының мерзімі қысқартылды.

Рақымшылық жасалғандардың ішінде 3 адам шетел азаматтары, 26-сы әйел, 14-і 60 жастан асқан ер адамдар, 166-сы жастар, сондай-ақ 24-і тыйым салынған ұйымдардың қызметіне қатысқан тұлғалар болып табылады.

Жарлықтың орындалуы аясында рақымшылық жасалған адамдарды отбасылары мен жақындарының ортасына қайтару, олардың әлеуметтік өмірге бейімделуі, пайдалы еңбекпен айналысуы, салауатты өмір салтын қалыптастырып, қоғамда лайықты орын табуы үшін жауапты министрліктер мен кеңселерге тиісті тапсырмалар берілді.