Президент «El Golazo» футбол академиясында жасалған жағдаймен танысты

    Билік 12 Avgust 2022 6758

    Шавкат Мирзияев Бегабат қаласына сапары барысында «Металлург» футбол клубы жанындағы «El Golazo» футбол академиясына барды.

    Бұл мектеп Испанияның белгілі «Реал Мадрид» клубының қолдауымен құрылып, өткен жылдың қазан айында жұмысын бастады.

    Табиғи және жасанды көгал төселген стадиондар, фитнес залы, оқу корпустары мен жатақхана заманауи жағдайға ие. Оқу-жаттығу жиындары «Реал Мадрид» футбол клубының дәстүрі бойынша өткізіледі.

    Бүгінде академияда 200-ден астам оқушы дәріс алуда. Мұнда білім алғысы келетін жастар көп. Сондықтан 11 жастан 17 жасқа дейінгі балалар іріктеу бойынша қабылданады. Жақында Испанияға 48 талантты тәлімгер біліктілігін арттырып келді.

    Мемлекет басшысы академияда жасалған жағдайды аралап көрді, балалармен әңгімелесті.

    – Осындай заманауи жағдайда оқып жатқандарыңызды көргеніме қуаныштымын. Болашақта араңыздан атақты ойыншылар, чемпиондар шығады деп ойлаймын. Ең бастысы деніңіз сау болып өсесіз, балаларыңыздыда спортқа баулитындай етіп тәрбиелейсіз. Біздің мақсатымыз – жастар арасында осындай орта қалыптастыру, - деді Мемлекет басшысы.

    Мемлекет басшысы шенеуніктерге осы футбол мектебінің тәжірибесін кеңінен насихаттауды тапсырды.

    Сондай-ақ, Бегабадтық ақсақалдар, сектор меңгерушілері, облыс әкімінің орынбасарлары, жастар көшбасшылары және қыз-келіншектер белсендісімен шынайы сұхбат болды. Жаңа «махаллабай» жүйесін енгізу, кәсіпкерлікті дамыту, халықты жұмыспен қамтуды, кедейшілікті азайту, азаматтардың мәселелерін шешу жөнінде пікір алмасылды.

    Осымен Президент Бекабад қаласына сапарын аяқтап, Ташкентке қайтып оралды.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates