Мемлекет басшысы Инновациялық технопаркттің жұмысымен танысты

    Билік 19 Oktabr 2021 6003

    Президент Шавкат Мирзияев студенттер қалашығында салынған Инновациялық оқ -өндірістік технопаркіне барды.

    Бұл жерді үш жүйе біріктіреді - білім, ғылым және өндіріс. Мұнда оқушылар озық әдістерді көріп, оны тәжірибеде қолданады. Олар сызбадан бастап дайын өнім шығаруға дейінгі үрдіспен танысады және білікті маман болып шығады. Бір сөзбен айтқанда, бұл технопарк «идеялар генераторы» қызметін атқарады.

    Мемлекет басшысы мұнда жасалған жағдаймен танысты.

    Бұл үш қабатты ғимарат робототехника, энергетика, электротехника және биотехнология саласындағы озық қондырғылармен жабдықталған. Бірінші қабатта дәнекерлеу, электроэрозия, ағаш пен пластмассаны өңдеу, іске қосу бөлмелері мен зертханалар бар. Жоғарғы қабатта жаттығу және коворкинг бөлмелері, робототехника, стандарттау, спорт зал, әкімшілік, кітапхана, кеңселер орналасқан.

    - Бес жыл бұрын мұндай орталықтар мен зертханаларға келетін жастар аз болды. Жұмыс істейтінінің өзіне табыс жетіспейтін еді. Өйткені ғылымға ақша жоқ болатын. Енді жастарға осы жағдайды жасай отырып, нарықтық тауар өнімді дайындауға және сатуға үйрету қажет. Егер олар пайда көрсе, рух пайда болады, олар өздерін осы салаға арнайтын болады, - деді Шавкат Мирзияев.

    Техникалық жоғары оқу орындарының студенттерін көбірек тарту, мұнда практикалық сабақтар өткізу, озық технологияларға негізделген оқу бағдарламаларын жетілдіру бойынша нұсқаулар берілді.

    Мемлекет басшысы биотехнологиялық зертханада жүзеге асырылатын жобалармен танысты. Осындағылар шығаратын импорт орнынбасатын өнімдерді ілгерілету, оларды қолдау және басқа да осындай жобалардың маңыздылығы айтылды.

    Президент осындағы студенттер және жас ғалымдармен сөйлесті. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен де сұхбат болды.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates