Бұл жер 2019 жылы шетелдік компанияға жалға берілген еді. Өткен уақытта 12 миллион доллардың құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жағдай жақсарды. 43 жаңа аттракцион орнатылып, үш жүзден астам жұмыс орны ашылды.
Бұған дейін саябаққа күніне 30 мыңға жуық келушілер болса, қайта жөндеуден кейін орта есеппен 60 мың адам келуде.
Мемлекет басшысы саябақты аралап, адамдармен сұхбаттасты. Балаларға сүйіспеншілік танытып, ізгі тілектерін білдірді.