Президент қоғамдық көлік жобаларымен танысты

    Билік 6 Iyun 2022 4338

    6 маусым күні Президент Шавкат Мирзияев Ташкент жер үсті айналма метрополитенінің екінші кезеңінің құрылысымен танысты.

    Пандемиядан кейінгі және қазіргі қиын экономикалық кезеңде әлеуметтік жобаларға ақша бөлетін елдер өте аз. Елімізде халықтың мәселесін жеңілдетіп, жақындастыруға бағытталған игі істер бір сәтке де тоқтаған жоқ.

    2020 жылы Ташкент жер үсті айналма метросының «Достық-2» станциясынан «Қойлық» станциясына дейінгі бірінші кезеңі салынды. Қазір «Қойлық» стансасынан «Сіргелі» бағытының 5-ші стансасына дейінгі екінші кезеңнің құрылысы жүріп жатыр. Бүгінгі таңда 200-ден астам тіреуіш орнатылып, жол өткелдері салынуда.

    Мемлекет басшысы жұмыстарды көзден кешіріп, оның сапасын қарап шықты.

    – Бізде метро салу тәжірибесі болған жоқ. Біз жаңа тарих жасаудамыз. Сондықтан жолдың беріктігін байыпты түрде қайта қарау керек. Екіншіден, метро мен вокзалдарда халыққа арналған заманауи, электронды қызмет түрлерін көбейту керек, – деді Шавкат Мирзияев.

    Осы метро бағытының 12 шақырымдық бөлігінде 7 бекет болады. Олардың арасындағы жол жүру уақыты 13 минут. Бұл бағыт тәулігіне 40 мыңға жуық жолаушыны тасымалдау мүмкіндігіне ие болады.

    Оның есесіне жеке көлікке деген қажеттілік азайып, кептеліс жойылады. Атап айтқанда, Қойлық – Сіргелі бағыты бойынша бір тәулікте көлік саны 32 мыңға дейін қысқарып, қозғалыс 12 пайызға азаюы мүмкін.

    Жалпы, бұл кезеңнің аяқталуымен Ташкент метросының жалпы ұзындығы 70 шақырымнан асып, стансалар саны 50-ге жетеді. Метроға күнделікті қатынайтындардың саны 600 мыңды құрап, 245 жаңа жұмыс орны ашылады.

    Осында Ташкент қаласындағы қоғамдық көлікті дамыту және метродағы жолаушылар санын арттыру жобалары таныстырылды.

    Қоғамдық көлікпен жақсы қамтылмаған аудандарға 12 жаңа автобус бағыты ашылып, метро стансаларымен байланыстырылады. Сонымен қатар, Ташкент облысынан қала орталығына келетін 9 негізгі жолға жоғары жылдамдықты автобус қатынауы ұйымдастырылады.

    Ташкент мемлекеттік көлік университеті шетелдік мамандармен бірлесіп, метрополитенді пайдалануды арттыру шараларын әзірледі. Атап айтқанда, қосымша қоғамдық көлік бағыттарын ашып, жолаушылар ағыны аз метро станцияларына қосу, пойыз вагондарының санын 5-ке дейін ұлғайту және қашықтықты қысқарту жоспарлануда.

    Нәтижесінде метро қозғалысының құны, қоғамдық көлік шығындары және күту уақыты айтарлықтай қысқарады. Қалаға кіретін көліктер санын 97 мыңға дейін, ал магистралды жолдардағы кептелісті 10 пайызға дейін азайтуға болады.

    Осы ұсыныстарды құптай отырып, Мемлекет басшысы аудан тұрғындарының метроға барып-қайтуына жағдай жасаудың, вокзал маңында автокөліктер мен велосипедтер тұрақтарын құрудың маңыздылығына тоқталды. Қоғамдық көліктерге электрлі автобустарды көптеп әкеліп, оларға қызмет көрсететін мамандарды оқытуды, трамвай жолының құрылысын жеделдетуді тапсырды.

    Мемлекет басшысы Қыпшақ көшесімен жүріп өтіп, жол инфрақұрылымын аралап көрді.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates