Шавкат Мирзияев «Жызақ» еркін экономикалық аймағының жұмысымен танысты

    Билік 10 Fevral 2023 5794

    Президент Шавкат Мирзияев «Жызақ» еркін экономикалық аймағындағы кәсіпорындардың қызметімен танысты.

    Бұған дейін Жызақ облысының өнеркәсіптік көрсеткіші жан басына шаққандағы төмен өңірлердің бірі болатын. Бүгінде өнеркәсіп әр ауданда жандана түсті.

    «Жызақ» еркін экономикалық аймағында 27 жоба жүзеге асырылып, 5300-ге жуық жұмыс орны ашылды. Кейінгі жылдары оның қызметі жетілдіріліп, бизнеске қолайлылық кеңейді. Қазір мұнда өнеркәсіп өнімдерінің көптеген түрлері шығарылады. 2022 жылдың қазан айында олардың қатарына «Iruskon» кондитерлік кәсіпорны қосылды.

    Мемлекет басшысы оның жұмыс барысын, өнімдерін аралап көрді.

    Кәсіпорында Ресей, Түркия, Германия, Италия елдерінің тәжірибесіне сүйене отырып, «Deya» брендімен экспортқа өнім шығарады. Жылдық қуаттылығы 12 мың тонна. 100-ге жуық адам жұмыспен қамтылған. Келесі жылы екінші кезеңге Германия мен Түркиядан тағы 5 миллион доллардың құрал-жабдықтарын әкелу жоспарлануда. Нәтижесінде 550 жаңа жұмыс орны ашылады.

    Экономикалық аймақтағы тағы бір кәсіпорын – «Master Building Products» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылына 3 миллион дана құбыр және арматура бұйымдарын, құрылыс материалдарын шығарады. 600-ге жуық жұмыс орны ашылды. Мемлекет басшысы осы өнімдердің көрмесімен танысты.

    «Global Optical Communication» Өзбекстан-Оңтүстік Корея бірлескен кәсіпорнының жұмыс барысы тексерілді. Мұнда жылына 85 мың шақырым оптикалық талшықты кабель өнімдері шығарылады. 115 адам жұмыс істейді.

    Мемлекет басшысы кәсіпорындардағы жергіліктендіру деңгейін арттырып, импорт орнын басатын және экспортқа бағытталған өнім шығару бойынша тапсырмалар берді.

    «Жызақ» еркін экономикалық аймағында тағы 14 жоба жүзеге асырылуда. Оның 5-і биыл іске қосылады.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates