Мұнда 2800-ге жуық халық тұрады. Адамдар шаруашылықты тиімді пайдаланады. Әйелдер тігумен айналысады. Мал өсіру, құс өсіру, балық үй шаруашылығының негізгі табысына айналған.
Оннан астам сауда дүкендері, жиһаз шығаратын кәсіпорын, шаштараз, тігін және қолөнер шеберханаларында тұрғындар жұмыспен қамтылған. Жастардың спортпен шұғылдануына да жақсы жағдай жасалған. Соңғы екі жылда ауданда бірде-бір қылмыс жасалмаған.
Мемлекет басшысы осы жердегі Абдуғаффар Халиловтың шаңырағында болып, махалла өкілдерімен әңгімелесті.
– Бүгін келіп, Ферғанадағы дамуды, махалладағы жағдайды көріп қуандым. Біз барлық жұмысты төменгі жүйедегі реформаларды әрбір адам өз өмірінде сезінуі үшін ұйымдастырып жатырмыз. Ферғана облысында 1062 махалла бар. Халықтың мәселесін, мұқтаж отбасылардың талабын сол жерде шешу арқылы олардың көңілінен шығу керек. Барлық басшылар өз көзқарасын өзгертіп, халқымызға лайықты болып, аянбай еңбек етуі керек, – деді Шавкат Мирзиёев.
Шынайы әңгімеде қариялар кейінгі жылдары ауданның келбеті жақсарғанын, «Ашық бюджет» бастамасы арқылы көшелердің абаттандырылғанын айтты. Атап айтқанда, 5 шақырым ішкі жолға асфальт төселген. Электр желілері мен трансформатор жаңартылған.
Президент сұхбатта айтылған ой-пікірлерді қолдап, махалладағы кеңсені жөндеу және мектепке қосымша ғимарат салу жөнінде тапсырма берді. Жастарды оқыту мен кәсіпке баулу, олардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастырудың маңыздылығы туралы сөз айтылды.