Президент Самарқанд облысындағы махалла белсенділерімен сұхбаттасты

    Билік 10 Fevral 2022 7514

    Президент Шавкат Мирзияев Самарқанд облысы Жамбай ауданындағы Ташкент махалласының азаматтар жиналысына қатысты.

    Мұнда 4 мыңнан астам адам тұратын болып, оннан астам дүкен, тұрмыстық дүкендер, асхана мен кондитерлік цехта әйелдер мен жастар жұмыс істейді. Мың орындық мектеп, музыка және өнер мектебі, 600 орындық балабақша бар. Махаллада жұмыссыз жүрген жергілікті қыз-келіншектерге тігіншіліктің қыр-сыры үйретііліп жатыр.

    Қазіргі таңда Өзбекстанда махалларалық жұмыстың жаңа жүйесі енгізілгені белгілі. Соның негізінде Жамбай ауданындағы 38 махаллаға әкім көмекшілері мен жастар жетекшілері тағайындалды. Мемлекет басшысы олармен сөйлесті.

    Әкімдердің көмекшілері мен жастар көшбасшылары өздерінің жауапты махаллаларда жүргізілген зерттеу нәтижелері және проблемаларды шешу бойынша жоспарларымен бөлісті. Сұхбат барсында күн көрісі төмен отбасы мүшелерін өнерге, кәсіпкерлікке баулу, өзін-өзі жұмыспен қамтуға жеңілдетілген несиелер мен субсидиялар беру, егін шаруашылығымен айналысу үшін жер телімдерін бөлу керектігі айтылды.

    Биылғы жылы мұнда кәсiпкерлiктi дамыту мен жұмыспен қамтуға 62 миллиард сум жеңiлдетілген несие мен 4,5 миллиард сум субсидия бөлiнедi.

    Сондай-ақ жастардың бос уақытын мазмұнды өткізу, оларды спортқа баулу, патриоттық рухта тәрбиелеу маңыздылығы айтылды.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates