Президент Әндіжан халықының тұрмыс-тіршілігімен танысты

    Билік 17 Iyun 2021 6803

    Мемлекет басшысы Әндіжан облысына жасаған сапары аясында Ізбасқан ауданындағы «Урганжи» махаласында болып, осындағы халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысты.

    3 мыңнан астам адам тұратын бұл мекенде, биыл 915 орындық орта мектеп күрделі жөндеуден өтті. Барлық көшелер абаттандырылып келеді. Ондаған шағын бизнес жұмыспен қамтудың маңызды факторына айналуда.

    Осындағы ауыл шаруашылығымен айналысқысы келетін жастарға 10 сотық жер бөлінген және 150 үйге 50 бас құс беріліп өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етілген.

    Шавкат Мирзияев Құрбанәлі Уринбаевтың шаңырағында болып, тұрмыс жағдайлары және оның құс шаруашылығымен айналысып жатқан жұмысымен танысты. Осында ауыл-аймақтағы тұрғындармен жылы жүздесу өтті.

    - Алдағы уақытта әр отбасының жағдайына қарай бизнес-жоспар жасалатын болады. Оған мемлекеттік органдар жағдай жасайды. Егер біз қазіргі уақытқа сай еңбек етіп, әрекет жасамайтын болсақ мақсатымызға жете алмаймыз. Құдайдың өзі еңбек пен әрекетіңе қарай несібеңді береді, - деді Президент.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates