Президент махалладағы өзгерістермен танысты

    Президент Шавкат Мирзиёев «Янгихаёт» ауданының Хушнуд махалласында болып, тұрғындардың тұрмысы және өңірдегі өзгерістермен танысты.

    Бұл махалла жаңа, 2021 жылы құрылған. Мұндағы 48 көпқабатты үй мен 625 жеке үйде 11 мыңнан астам адам тұрады. Махалла аумағында балалар бақшасы, спорт мектебі, отбасылық емхана, жеке клиника, өндіріс кәсіпорындары, дүкен және тұрмыстық қызмет көрсету орындары бар. Биыл 49 шағын жоба арқылы 116 азамат жұмыспен қамтамасыз етілген.

    Бұрын бұл аймақ шеткері, қараусыз жер болатын. 2018 жылдан бастап заманауи үйлер, балалар алаңдары мен спорт алаңқайлары салынып, айнала абаттандырылған.

    Махаллада үш қабатты ғимарат та биыл жаңадан салынған. Оның бірінші қабатында махалла төрағасы мен қызметкерлерінің кабинеттері, кітапхана және жәдиттер бұрышы орналасқан. Жоғарғы қабаттарда нақты пәндер мен шет тілдері бойынша оқу орталығы, фитнес залы жұмыс істейді. Жертөле бөлігінде жастарды мамандыққа баулуға арналған моноорталық ашылған.

    Мемлекет басшысы осы жердегі жағдаймен тансты. Махалла белсенділері мен ақсақалдармен әңгімелесті. Олар соңғы жылдары «Янгихаёт» ауданының қарқынды өзгергенін, жаңа көлік жолдары мен кәсіпорындардың салынуы өмірге серпін бергенін атап өтті.

    – Біздің бүгінгі сапарымыздың мақсаты – қабылданған шешімдеріміздің нәтижесін, адамдардың өмірін көру. Осы аудандағыдай, әр өңірді дамытуға, халыққа қолайлы жағдайлар мен жұмыс орындарын көбейтуге тырысып жатырмыз. Сонымен қатар білім мен тәрбиеге, мәдениетке ерекше көңіл бөліп келеміз. Білім мен руханият мықты болса, экономика да жақсы дамиды, – деді Шавкат Мирзиёев.

    Президент махалладағы 150 орындық, заманауи жағдай жасалған жеке балабақшаның жұмысымен де танысты. Бұл мекеме биыл пайдалануға берілген 16 қабатты үйдің бірінші және екінші қабаттарында орналасқан. Ғимаратты жабдықтауда заманауилық пен ұлттық нақыштың үйлесіміне ерекше мән берілген.

    Махаллада кішкентай балалары бар әйелдер көп. Олар үшін жақын маңда тігін, кондитерлік сияқты бағыттарда жұмыс орындары ашылуда. Аталған балабақша олардың өмірін айтарлықтай жеңілдетті. Әйелдер алаңсыз жұмыс істеп, отбасына қосымша табыс әкелуде.

    Өзбекстандағы маңызды бағдарламалардың дәл осы махаллаларда жүзеге асып жатқаны, бұл жүйеге үлкен өкілеттік пен мүмкіндіктер берілгені атап өтілді. Бұл жұмыстардың нәтижесі махаллалардың көркеюі мен халықтың әл-ауқатының артуынан көрініс тауып жатқаны атап өтті.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates