Мемлекет басшысы Ташкент қаласындағы махаллаға барды

    Билік 23 Noyabr 2021 5460

    23 қарашада президент Шавкат Мирзияев Ташкент қаласының Шайхантахур ауданындағы «Сархумдон» махалласына барды.

    Мемлекет басшысының басты талабының бірі – министрліктер мен ведомстволардың санын қысқарту, жергілікті мәселелерді шешу және барлық бағдарламаларды жергілікті деңгейде жүзеге асыру.

    Осы мақсатта Президент Ташкент қаласындағы «Сархумдон» махалласының бүгінгі жағдайымен танысты. Қазір бұл махаллада 6,5 мыңнан астам адам тұрады. Мұнда 45 көпқабатты үй, мектепке дейінгі мекеме және жеке мектеп бар. Оннан астам шағын кәсіпкерлікте жергілікті жастар мен әйелдер жұмыс істейді.

    Сонымен қатар мұнда «Жасыл мекен» жобасы аясында көшеттер отырғызылып, шағын бақ салынған. Мемлекет басшысы осында түратын ақсақалдарымен бірге осы баққа көшет отырғызды.