Президент Шавкат Мирзияев сапармен Ресейге барды

    Билік 19 Noyabr 2021 4061

    Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев 19 қараша күні сапармен Ресейге барды.

    Мәскеудегі «Внуково-2» әуежайында Мемлекет басшысын Ресей Федерациясы Президентінің көмекшісі Максим Орешкин және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.

    Осыдан кейін Президент Шавкат Мирзияев Владимир Путинмен келіссөздер жүргізу үшін Кремльге жол алды. Кездесуде Өзбекстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынасты нығайту, түрлі салалардағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланады.