Мемлекет басшысы мүфтидің отбасына көңіл айтты

    Билік 16 Avgust 2021 12981

    Өзбекстан мұсылмандары басқармасының төрағасы, мүфти Усмонхон Алимов 15 тамызда қайтыс болды. Осы жағдайға байланысты Президент Шавкат Мирзияев марқұмның үйіне барып, отбасы мүшелеріне көңіл айтты.

    Усмонхон Алимов 1950 жылы 1 қаңтарда Самарқанд облысында дүниеге келген. Бұхарадағы Мір Араб медресесінде, Ташкент ислам институтында және Мароккодағы Әл-Каравийин университетінде білім алып, ислам, араб және парсы тілдерін жақсы меңгерген.

    Мемлекет басшысының азалы отбасына барып көңіл айтуы, қайғыға батқан жандарға жұбаныш болды.

    Марқұмның атына дұға оқылды.

    Президент мүфтидің ізгі амалдарын еске алып: - Бұл бәріміз үшін үлкен жолғату болды. Ол кісі керемет жан еді. Білімі, еңбекқорлығы және кішіпейілділігімен елде абыройлы болды. Бұл апат бүкіл әлемге азап әкелді, қаншама шығын болуда. Біз қолдан келгеннің бәрін жасадық. Бірақ Құдайдың қалауы болды. Ылайым жайы жәннатта болсын. Оның жақсы амалдарын еске алып, жұмыстарын жалғастырып, рухын шад етейік, - деді Шавкат Мирзияев.