Мемлекет басшысы Нөкістегі махалла тұрғындарының тыныс-тіршілігімен танысты

    Билік 30 Mart 2023 4526

    Президент Шавкат Мирзиёев 30 наурызда Нөкіс қаласындағы «Алтын Жағыс» махалласында болып, тұрғындардың тыныс-тіршілігімен танысты.

    Мұнда 4 мыңнан астам тұрғын өмір сүреді. Осындағы атаулы жұмыстар «Алтын жағыста» да өз жемісін беруде. Жақын уақытқа дейін бұл жерге көлікпен жету қиын, байланыс желілері жоқ еді. Өткен жылы бұл жер «Абат махалла» бағдарламасына енгізіліп, ауқымды құрылыс, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жол, жарық, ауыз су, газ желілері жаңартылды.

    Махалла ғимараты қайта салынып, оның айналасында балалар ойын алаңдары, медициналық пункт, кәсіпкерлікті қолдау орталығы, сауда үйлері бой көтерді. Заманауи спорт кешені салынуда. Мұндай кешен тұрғындарға қолайлы жағдай жасайды.

    Мемлекет басшысы махалладағы өзгерістерді аралап, тұрғындармен сұхбаттасты.

    – Махаллаңыздың көркейіп адамдардың жүзіндегі қуанышты көріп қуандым. Біз мұны барлық жерде жалғастырамыз. Биылғы жылы Қарақалпақстанның махаллаларын абаттандыруға, су, жол, электр жарығын жақсартуға, мектеп, балабақша, медпункт салу мен жөндеуге 1,5 триллион сум бөліп отырмыз. Сондай-ақ Қарақалпақстандағы 452 махалланың әрқайсысына тікелей 500 миллион сум қосымша қаржы бөлінеді. Мәселені махалланың өзі шешсін, ақша береміз, өзін өзі басқарсын. Сонда сапа да, пайда да болады. Халық риза болады, - деді Президент.

    Мұнда да кәсіпкерлікті қолдауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға көңіл бөлінуде. Махалланың жері құнарлы емес. Тұрғындар негізінен қызмет көрсету арқылы табыс табады. Махаллада тұрмыстық қызмет көрсету орындары, тігін фирмалары, наубайхана, жиһаз жасау және техникалық қызмет көрсету ұстаханалары бар. Алдағы уақытта қоян мен балық шаруашылығын дамыту жоспарлануда.

    Махалламен танысу ұзаққа жалғасты. Мемлекет басшысы Кууаншбай Сейтназаровтың үйінде болып, оразасын ашты.

    Өзбекстанда Наурыз көңіл-күйі әлі тарамаған. Мемлекет басшысы махалла тұрғындарының сумалак пісіру үрдісіне де қатысты.

    Осы жерде Шавкат Мирзиёев БАҚ өкілдерімен де сұхбат құрды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates