Президент Нөкіс қаласындағы технопарк жұмысымен танысты

    Билік 30 Mart 2023 4246

    Президент Шавкат Мирзиёев Нөкіс жастар технопаркінде болды.

    Бұл кешен жастардың дарыны мен біліктілігін қалыптастыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған. Атап айтқанда, компьютерлік сауаттылық, графикалық дизайн, робототехника, 3D модельдеу, акселерация сынды 9 бағыт бойынша 1500 қыз-жігіт білім ала алады. Ол үшін заманауи техника, зертханалық және шеберхана жабдықтары орнатылған.

    Қазіргі таңда оқу курстары түлектерінің идеялары стартаптар үлгісіне енгізіліп, «Болашақ ғалым», «Technoways», «Start4 Region» сынды байқауларға 50-ге жуық жоба ұсынылған. Сондай-ақ «Арал теңізінің қураған аумағында тұқым плантациясын ұйымдастыру» тақырыбымен жалпы құны 955 миллион сумды құрайтын жоба жүзеге асырылуда. Бұл теңіздің құрғап қалған түбін пайдалануға, суды үнемдеуге және тұзды азайтуға көмектеседі.

    Жалпы, бұл технопарк жастардың талпыныстары мен идеяларын дамытуға көмектеседі.

    Мемлекет басшысына жас фермерлер мен ғалымдардың кептірілген органикалық қызанақ, ағынды суларды тазарту, балыққа құнарлы өсімдіктер бойынша жобалары туралы ақпарат берілді. Жасыл технологияларға негізделген бұл жобалар Еуропа елдерінің сертификаттарына ие болған.

    Президент бұл жобаларды қаржылай қолдап, кеңінен қолданысқа енгізу керектігін айтты.