Шавкат Мирзияев Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлер жағдайынан хабар алды

    Билік 9 May 2022 7886

    9 мамырда Президент Шавкат Мирзияев Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлер жағдайынан хабар алды.

    Мемлекет басшысы алдымен Ташкент қаласындағы Алмазар ауданында тұратын Аббас ата үйінде болды.

    Аббас ота Аппанов 1924 жылы Ташкентте дүниеге келген. 1942 жылы ақпанда Смоленскіге аттанып, кейін Белорусь, Польша, Германия жеріндегі соғыстарға қатысты. 1946 жылы елге оралған Аббас «Ачаабад» махалласындағы орта мектепте ұзақ жылдар бойы неміс және ағылшын тілдерінен сабақ беріп, бастауыш сыныпқа арналған «Неміс тілі» оқулығын жазды.

    Бұл кісінің бейбітшілік жолындағы қызметі лайықты бағаланып, көптеген мемлекеттік наградалармен марапатталған.

    - Сіздерді көріп, жақыннан сөйлесуге, сәлем беруге, денсаулық тілеп өзім келдім. Ең алдымен, сіздерді, сіз арқылы барша соғысқа қатысушыларды, халқымызды мерекемен құттықтаймын. Әрқашан деніңіз сау болып, жастарымызға үлгі болып жүруіңізге тілектеспін, – деді Шавкат Мирзияев.

    – Алланың рақымымен, мемлекетіміздің қамқорлығында осы жасқа жетіп отырмыз. Халқымыздың игілігі жолындағы еңбектеріңізге Алланың игілігі мен берекесін тілеймін. Сіздің құрметіңізге рахмет, - деді Аббас ата.

    - Сіздер осындай құрметке лайықсыздар. Қарттарды құрметтеу – біздің үлкен құндылығымыз. Біз мұны жалғастырамыз. Осыны жастарымыз біліп, үлгі алсын, - деді Президент.

    Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан Аббас атаның бүгінде балалары да зейнеткер. Қазір ол 21 немере, 55 шөбере, 7 шөпшек сүйіп отыр.

    Мемлекет басшысы Ташкент қаласының «Яшнабад» ауданында тұратын Федор Фединнің үйінде де болды.

    Федор Семёнович 1927 жылы Ресейдің Мордовия облысында дүниеге келген. 1944 жылы әскер қатарына шақырылып, соғыста байланысшы, нұсқаушы болып қызмет етті. Минск түбіндегі соғысқа қатысқан. Соғыстан кейін біраз Қытайда қызмет етті. 1949 жылы Ташкентке келіп, авиация зауытында жұмыс істеген. Көптеген еңбек марапаттарының иегері. Жұбайы екеуі екі қыз тәрбиелеп өсірген

    Президент ардагерлердің денсаулығы мен тұрмыс жағдайын сұрап, бүгінгі бейбітшілікке қосқан үлестері мен көп жылғы жемісті еңбектері үшін алғысын білдірді.

    Мемлекет басшысы Ташкент қаласының «Мырзо Ұлықбек» ауданының тұрғыны Акмал ата Акрамов шаңырағына да барды.

    Акмал ата 1924 жылы Ташкентте дүниеге келген. 1941 жылы мектепті бітіргеннен кейін машина жасау зауытында жұмыс істейді. 1942 жылдан соғысқа қатысып, ауыр жараланған.

    Елге оралған соң сауда, тамақ өнеркәсібінде еңбек еткен. Зейнет жасында Ташкент соғыс және еңбек ардагерлері қоғамының төрағасы, «Нуроний» қорының қалалық бөлімшесінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.

    - Соғысқа қатысып, батыр атанғандарыңыз, соғыстан кейін елімізге адал қызмет етіп, ұрпақ, немере сүйіп, осындай асыл жасқа жетуіңіз – үлкен бақыт. Сіздердің өміріңіз, айтқан әрбір сөзіңіз біз үшін мектеп. Ылайым денсаулығыңыз мықты, өмір жасыңыз ұзақ болсын. Жастарымызға сіздердің жолыңызды, өміріңді берсін, – деді Шавкат Мирзияев.

    Ақмал ата да барша соғыс ардагерлері атынан Мемлекет басшысын құттықтады.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates