Президент Науаи тау-кен металлургия комбинатының техногендік қалдықтарды өңдеу зауытына барды

    Билік 27 Avgust 2021 4612

    Президент Шавкат Мирзияев Науаи облысына жасағансапары аясында шалғайдағы Тамды ауданына да барды. Онда Науаи тау-кен металлургия комбинатының техногендік қалдықтарды өңдеу зауытының қызметімен танысып, адамдармен әңгімелесті.

    Науаи тау -кен металлургия комбинатын 2026 жылға дейін дамыту бағдарламасына сәйкес құны 3,4 млрд долларды құрайтын 27 жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл зауыт осы жобалардың бірі.

    Жалпы құны шамамен 200 миллион доллар болатын зауыт жылына 15 миллион тонна техногендік қалдықтарды өңдеуге және 7 тоннадан астам алтын өндіруге қауқарлы. Бұл жерде пайдаланылатын қалдықтар 2040 жыға дейін жетеді.

    Зауыт құрылысында жеңіл конструкциялар мен энергия үнемдеу технологиялары қолданылған. Бұрын импортталатын көптеген жабдықтар мен компоненттер қазірде локализацияланған. Атап айтқанда, олар Науаи машина жасау зауыты мен тау-кен басқармасының цехтарында жасалуда. Қазіргі уақытта химиялық өңдеу процесінде де жергілікті өнімдер қолданылуда.

    Мұнда Науаи мемлекеттік тау -кен институтының жас түлектері мен жергілікті тұрғындар жұмысқа қабылданған болып, қазірде 1100 -ден астам адам жұмыс істейді.

    Мемлекет басшысы кәсіпкерлер, жергілікті белсенділер және жастармен кездесп сұхбаттасты.

    «Соңғы төрт жылда біздің елімізде минералды шикізатты игеру 30%-ға өсті. Біздің салаға жаңа, озық технологиялар енді. Ең бастысы, бұл қазіргі заманғы кәсіпорындарда жұмыс істей алатын білімді мамандарды дайындау. Еліміз үшін жер асты байлығынан қымбат байлық – бұл сіздер, - деді Шавкат Мирзияев жастарға қарата.

    Науаи тау-кен металлургия комбинатында орындалып жатқан жұмыстармен танысу барысында Мемлекет басшысы журналистермен де сұхбатта болып, бүгін іске қосылған кәсіпорындардың экономикалық тиімділігі, өнеркәсіптік сектордың жоспарлары туралы айтып берді.

    Осылайша президент Шавкат Мирзияевтің Науаи облысына жасаған жұмыс сапары аяқталды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates