Бұл оқу орны 1994 жылы Жызақ қаласында құрылғаны белгілі. Бірақ ол жерде болашақ ұшқыштардың жаттығуы үшін жағдай жеткіліксіз болды.
Мемлекет басшысы 2018 жылы Қаршы ауданындағы Ханабад әскери аэродромында болған кезде, әскери ұшқыштарды даярлау үшін осы аэродромның мүмкіндіктерін тиімді пайдалану туралы ұсыныстарын айтқан еді. Осының негізінде 2019 жылы жоғары әскери авиация оқу орны Қаршы қаласына көшірілді. Оқу және жаттығу корпустары заманауи тренажерлар, құрал-жабдықтар, ақпараттық технологиялармен жабдықталған.
Бұл курсанттарға Ханабад аэродромында әскери ұшақтарды басқару және техникалық қызмет көрсету бойынша оқу-жаттығуларды өткізуге және оқу полигондарына тікелей қатысуға мүмкіндік береді. Ұшуға дайындық орталығы мен ақпараттық-ресурстық орталық, 4 мамандық бойынша оқу зертханалары әскери ұшқыштардың кәсіби деңгейін арттыруға қызмет етеді.
120 орындық мәдениет үйі, 400 орындық жатақхана, асхана, оқу-жаттығу алаңы, спорт қалашығы курсанттар игілігіне берілген. Қазір мұнда 276 курсант білім алуда.
Мемлекет басшысы мекемедегі жағдаймен танысты. Жастармен әңгімеде өз мамандығымен қатар шет тілдері және заманауи технологияларды меңгерудің маңыздылығы айтылды.
– Әр елдің қорғанысы өз күш-құдіретін көрсетеді. Қорғанысты сіз сияқты білімді, саналы, ерік-жігері мықты сарбаздар, инженерлер мен ұшқыштар қамтамасыз етеді. Осыған лайық болу үшін үнемі оқып, өз үстіңізде жұмыс істеп, жан-жақты кемелдену керек, – деді Шавкат Мирзияев.
Жоғарғы Бас қолбасшы курсанттармен мектеп асханасында түскі ас ішті. Спорттық және оқу жаттығуларын көрді. Оқу орнының үстінде шабуылдаушы, қырушы, көлік ұшақтары мен жауынгерлік тікұшақтардың қатысуында әскери авиацияның ұшулары көрсетілді.
Шенеуніктерге әлемде байқалған қауіп-қатерлерге байланысты әуе шабуылына қарсы қорғанысты жаңа деңгейге көтеру, эксперимент ретінде ұшқышсыз құрылғыларды жинауды қолға алу тапсырылды. Бұл оқу орнының қызметін де осыған лайық жетілдіріп, шетелдік оқу орындарымен бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру қажеттігі айтылды.