Мемлекет басшысы сұрхандарялық мұғалімдермен сұхбат құрды

    Билік 8 Oktabr 2021 5882

    Президент Шавкат Мирзияев Терміз қаласындағы 9-мамандандырылған мектеп-интернатында болып, оқытушылармен сұхбаттасты.

    1979 жылы салынған мектептің ғимараты ескірген және бөлмелер аздығына байланысты талапқа сай емес. Ал оқушы орны бар болғаны 250 орын ғана.

    Дегенмен білім сапасы өте жақсы. Оқушылардың жоғары оқу орындары мен мамандандырылған мектепке түсу деңгейі жоғары.

    Қазіргі күнде мектеп маңында жаңа үйлер бой көтеріп, халық саны өскен сайын мектепке деген сұраныс артып келеді.

    Мектептің жағдайымен танысқан Мемлекет басшысы мекеменің орнына 1500 орындық заманауи мектеп салу қажеттігін айтты.

    -Бүгінде еліміздің алға қойған мақсатына жеткізетіндер – кадрлар болып табылады. Біз мұғалімнің беделін көтермейінше, білім беруді дұрыс жолға қоймасақ, нәтиже болмайды. Сондықтан алдағы бес жылда мектептерді жөндеу мен реконструкциялаудың жаңа Ұлттық бағдарламасы қабылданады, - деді Шавкат Мирзияев.

    Мемлекет басшысы осы мектептің мұғалімдерімен сұхбаттасып, олар мектептегі білім беруді жақсарту және мұғалімдерді ынталандыру бойынша ұсыныстар айтты.

    Осы жерде Сұрхандарья облысында жалпы білім беру жүйесін дамыту шаралары талқыланды. Облыста қосымша 96 мың оқушы орын құру жоспарлануда. Осы мақсатта 21 жаңа мектеп және 358 мектепте жаңа ғимараттар салынады, 116 мектеп толық жөндеуден өтеді. Ақпараттық технологиялар, математика, химия және биологияға маманданған 19 мектеп құрылмақ.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates