2021 жылдың шілде айында Ташкентте өткен келіссөздер барысында екі ел арасындағы қарым-қатынас стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілген болатын.

Осы сапар барысында стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту және сауда, инвестиция, өнеркәсіптік кооперация, көлік, логистика, инфрақұрылым және туризм салаларындағы практикалық ынтымақтастықты дамыту шаралары талқыланады. Сондай-ақ, тараптар халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша бірлескен декларация мен бірқатар құжаттар қабылданады деп күтілуде.