Өзбекстанда осы желіде кластерлік жүйе енгізілген. Атап айтқанда, 74 піллә-жібек кластері мен 11 тұқым шаруашылығы кәсіпорны құрылды. Тұт алқабы 40 мың гектардан 55 мың гектарға дейін кеңейді. Нәтижесінде піллә өсіру көлемі 2,5 есеге, жібек өнімдерін экспорттау 3 есеге артты.
Сондай-ақ «Ғидждувон жібек талшығы» кәсіпорнында кластерлік жүйе құрылып, жылына 48 тонна шикі жібек пен 28 тонна жібек мата өндіретін мүмкіндік жасалды. Оған «Ғиждувон» және «Шафиркон» аудандары қосылып, өткен жылы қорек базасы үшін 2 миллион 300 мың тұт көшеттері отырғызылған. Екі ауданда 28 мың адам жұмыспен қамтылған.
Кәсіпорында піллә шикізаты толық қайта өңделеді. Биыл 842 тонна піллә шикізаты өсірілді.
Бұл 104 миллиард сумдық өнім өндіруге және 4 миллион доллардан астам экспортқа шығаруға мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы піллә мен өнімді аралап көрді. Піллә генетикасын дамытып, сапа санатын арттыру, кластер қызметіне ғылымды енгізу қажеттігін айтты. Үлгілік кластерлерде басқа фермерлерді оқыту арқылы озық технологияларды кеңінен насихаттау жөнінде нұсқау берілді.
Осымен Президент Шавкат Мирзиёев Бұхара облысына сапарын аяқтап, Ташкентке қайтып оралды.