Президент Жызақ облысына барды

    Билік 10 Fevral 2023 5876

    Президент Шавкат Мирзияев өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысу мақсатында 10 ақпан күні Жызақ облысына барды.

    Сапар бағдарламаның бірінші бағыты Пахтакор ауданындағы «Пахтакор элиталық тұқым» шаруашылығы болды. Шаруашылық көлемі 100 гектар болса, оның 80 гектарына мақта мен дәнді дақылдар, қалғанына соя, сарымсақ, жоңышқа егілген.

    Мемлекет басшысы өткен жылдың қазан айында Сырдария ауданында болған кезде егістік шетіндегі жерлерді тиімді пайдаланып, диқандар мен жұмысшыларға қолайлы жағдай жасау үшін егіс үйлерін салу керектігін айтқан болатын. Оның орындалуы мен әсері осы шаруашылықта көрсетілген. Егістік шетіне тұт, жүзім, бұршақ тұқымдас өнімдер егіліп, әсел ара ұялары орналастырылған. Жеңіл құрылымдардан саяжай үйі салынған және төбесінде күн батареялары орнатылған.

    Президент осы үйде болып, фермер отбасымен сұхбаттасты.

    Агроөнеркәсіп кешенінің жауапты қызметкерлері және мақта-тоқыма кластерлерінің жетекшілерімен сұхбатта еңбек өнімділігін арттыру және халықты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берілді.

    - Неліктен біз өзіміздің бай жерімізді кластерге бердік? Халық игілігі үшін. Енді кластерлер реформаларға жарамды және мемлекеттік саясатты жүзеге асыруы керек. Ауыл шаруашылығын индустрияландыру, кәсіпорындар ашу және үй шаруашылығын жүргізу арқылы өңірдегі жұмыссыздықты азайту қажет, – деді Шавкат Мирзияев.

    Өзбекстанда жұмыссыз азаматтарға шаруашылық үшін жер беріліп жатқаны белгілі. Бұл арқылы Жызақ облысында 13 мыңнан астам жасты жұмыспен қамтуды көзделген.

    – Кезінде 1 гектар жерді халыққа беру мүмкін емес еді. Қазір 200 мың гектар жер бөлдік. Неліктен? Халықтың табыс көзі болу үшін. Енді «шапалақ екі қолдан шығуы» керек, деді Мемлекет басшысы.

    Фермерлер мүддесін қамтамасыз ету, кварталдардың «өсу нүктелеріне» қолдау көрсету жөнінде тапсырмалар берілді.