Мемлекет басшысы Қарақалпақстандағы кәсіпорынның жаңа жобасымен танысты

    Президент Шавкат Мирзиёев Қарақалпақстан Республикасына сапарын индустриялық әлеуетпен танысудан бастады.

    «Nukus Eleсtroapparat» бірлескен кәсіпорны 2017 жылы іске қосылды, ол электр желілері үшін кернеу құрылғыларын шығарады. Биылғы жылдың маусым айында мұнда құны 10 миллион доллардан асатын күн панелдерін жасау жобасы іске қосылды. Құрал-жабдықтар Корея Республикасынан әкелініп, орнатылды. Өндіріс процесі 100 пайыз автоматтандырылған. Жобаның жылдық қуаттылығы 273 мың дана.

    Бұл республикада баламалы энергияны пайдалану жұмыстарында қолданылады. Осы уақытқа дейін түрлі ғимараттар мен пәтерлерге 600 мегаватт күн батареялары орнатылды. Бұл процес әлі де жалғасуда.

    Бірлескен кәсіпорын ішкі нарықта жоғары сұранысқа ие өнімді локализациялаумен қатар, 4 миллион доллар экспорттау мүмкіндігіне ие. Мұнда 70 адам жұмыспен қамтылды.

    Мемлекет басшысы жұмыс барысын аралап, жұмысшылармен сұхбаттасты. Шенеуніктерге мұндай кәсіпорындарды көбейту, оларда нарықта сұранысы жоғары өнім шығару жөнінде тапсырмалар берілді.

    Осы жерде желі кәсіпорындары шығарған өнімдердің таныстырылымы өтті.

    Зауыттың өзінде 125 киловатт күн панелдері орнатылған. Одан алынған электр энергиясы ішкі қажеттіліктерге жұмсалады, артығы облыстық электр желілеріне сатылады.

    Кейінгі жылдары республикада 2 миллиард доллар инвестиция есебінен қуаттылығы 2,6 гигаватт болатын 10 күн және жел электр станциясы іске қосылды. Сондай-ақ, жалпы құны 19 млрд долларды құрайтын 18,6 гигаваттық 32 «жасыл» жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жалпы, 2030 жылға қарай энергетикалық теңгерімдегі жаңартылатын энергияның үлесін 40 пайызға дейін жеткізу көзделген.

    No date selected
    January 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates