Өзбекстан Республикасының Президенті Қатарға мемлекеттік сапармен барады

    Билік 1 Oktabr 2023 5799

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Сонидің шақыруымен 1-2 қазан күндері мемлекеттік сапармен осы елде болады.

    Сапар бағдарламасына сәйкес жоғары деңгейдегі екіжақты келіссөздер мен «ЭКСПО Доха-2023» – «Жасыл шөл, және де керемет орта» халықаралық көрмесінің ашылу салтанатына қатысу жоспарланған.

    Алдағы келіссөздерде Мемлекет басшылары Өзбекстан-Қатар ынтымақтастығының жай-күйі мен оны дамыту перспективаларын талқылайды, халықаралық және аймақтық маңызы бар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасады.

    Мемлекеттік сапар соңында түрлі салалардағы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға бағытталған құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.