Президент Самарқандтағы құрылыс жұмыстарымен танысты

    Билік 15 Iyul 2022 6488

    Президент Шавкат Мирзияев 15 шілде күні Имам Бұхаридің бейітін зиярат етті. Құран оқылып, дұға бағышталды.

    Бұл ұлы баба кесенесі ислам әлемі үшін қасиетті орындардың бірі екені белгілі. Бүгінде кешен соған сай қайта салынуда. 10 мыңға жуық намазханға арналған мешіт, төрт мұнара салынуда. Кешеннің жанынан қонақүйлер, автотұрақ, автовокзал, асхана, дүңгіршек, дәретханалар салынады.

    Мемлекет басшысы осы бағыттағы жұмыстарды пысықтап, қажылар үшін барлық қолайлылықты жасау жөнінде тапсырмалар берді.

    – Иншалла, бұл кешен ашылған соң зиярат етушілер қатары көбейеді. Әсіресе, ақсақалдар көп келеді. Олар үшін барлық қолайлылықтарды ескеру керек. Бұл жер тек діни-ағартушылық қана емес, үлкен мәдени орталық болуы қажет. Сондықтан ең үздік гүл өсірушілерді әкеліп, кешенді қысы-жазы гүлзарға айналдыру керек, – деді Шавкат Мирзияев.

    Түбегейлі жаңа кейіпке еніп жатқан кешенде қажылық туризмінің ірі орталықтарының біріне айналуға барлық мүмкіндіктер бар екені, оларды тиімді пайдалану қажет екені айтылды.

    Президент Самарқанд ауданында салынып жатқан Туризм орталығына да барды.

    Мұнда 8 қонақүй, конгресс-холл, «Мәңгілік қала» керуен сарайы салынуда. Ескек есу арнасы реттеліп, айналасына бақ салынуда.

    Жалпы, бұл кешен туризм саласындағы барлық халықаралық стандарттарға сәйкестігімен және ең заманауи сервистік әлеуетімен Самарқанд облысы мен республикада ғана емес, сонымен қатар бүкіл өңірдегі туризм саласын жаңа деңгейге көтереді.

    Мемлекет басшысы мұнда ірі халықаралық конференцияларды өткізуге заманауи жағдай жасау, халықтың мәдениетін, ағартушылығын, ұлттық тағамдарын көрсету жөнінде ұсыныстар берді.

    Осымен Президент Шавкат Мирзияев Самарқандқа жасаған сапарын аяқтап, Ташкентке қайтып оралды.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates