Алдағы айларда Самарқандта бірнеше халықаралық іс-шаралар өтеді. Қазіргі уақытта бұл конференцияларға үлкен дайындық жүргізілуде.
Мемлекет басшысы облысқа сапары барысында бұл үдеріспен танысты.
Самарқанд қаласында XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы көптеген ескерткіштер бар. Әлішер Науаи мен Шахрух көшелеріндегі осындай тарихи ғимараттарда халықтараралық достық пен шет елдермен ынтымақтастыққа арналған мұражайлар құру жоспарланған.
Президент бұл жоспарларды мақұлдап, музейлерді мазмұндық жағынан байытып, әріптес елдермен тығыз қарым-қатынас орнату жөнінде тапсырмалар берді.
Кеше, 23 тамызда Самарқанд ауданында «Ұлы Жібек жолы» халықаралық туристік орталығы ашылды. Бұл кешенде ірі халықаралық конференциялар өтеді.
Мемлекет басшысы мұндағы Конгресс-холл мен қонақүйлерде жасалған жағдайлармен танысты.
Қонақ үйлердің екеуі 5 жұлдызды, алтауы 4 жұлдызды. Конгресс-холлдың жалпы ауданы шамамен 6 мың шаршы метрді құрайды. Ол 3500 адамды қабылдау мүмкіндігіне ие. Конференциялар барысында жұмысты тиімді үйлестіру үшін ситуациялық орталық та құрылған.
Президент мұнда шетелдік делегациялар мен екіжақты кездесулер үшін жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар айтты.
Осымен Мемлекет басшысының Самарқанд облысына сапары аяқталып, Президент Ташкентке қайтып оралды.