Президент Самарқандтағы заманауи массив жобасымен танысты

    Билік 6 Iyun 2023 6633

    Президент Шавкат Мирзиёев Самарқандқа сапары барысында «Ширин» массивінің бас жоспарымен танысты.

    Бұл махалла халықаралық әуежайдың жанында, Зарафшан өзенінің жағасында орналасқан. Кейінгі жылдары Самарқандта жүзеге асырылған құрылысқа сәйкес осы ауданда заманауи массив салу жоспарланған. Ол үшін 389 гектар жер бөлінген.

    Жоба бойынша көпқабатты үйлер, мектеп мен балабақша, емхана, спорт алаңдары мен ойын-сауық орындары болады. Ірі кәсіпкерлік пен сауда кешендері экономиканың дамуына және жұмыс орындарының өсуіне қосымша серпін береді. Массивті қаламен байланыстыратын көпір мен жол, инфрақұрылым мен коммуникация желілері салынады.

    Мемлекет басшысы жобаны қала құрылысының озық тәжірибесіне сүйене отырып жетілдіру және әлеуметтік қызметтерді арттыру жөнінде тапсырмалар берді.