Шавкат Мирзиёев «Ангрен» еркін экономикалық аймағындағы кәсіпорындардың қызметімен танысты

    Билік 2 Avgust 2023 4936

    2 тамызда Президент Шавкат Мирзиёев «Ангрен» еркін экономикалық аймағындағы кәсіпорындардың қызметімен танысты.

    2012 жылы құрылған бұл экономикалық аймақ кейінгі жылдары аумағы жағынан да, әлеуеті жағынан да кеңейді. Ол Ангрен қаласы, Ахангаран қаласы мен ауданын және Бекабад қаласының бір бөлігін қамтиды. Бүгінде бұл аймақта 76 кәсіпорын бар, онда 11 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

    Соның бірі – «Premier elektrotech» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 23 миллион долларлық жобасы. Өткен жылдың желтоқсан айында іске қосылған бұл кәсіпорынның жылдық қуаты 100 мың кір жуғыш машина мен 200 мың тоңазытқыш, сондай-ақ экспорттық қуаты 1 миллион долларды құрайды. Мұнда 350 адам жұмыспен қамтылған.

    Бұл жобаның бірінші кезеңі, оны кеңейту үшін құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Екінші кезең осы жылдың желтоқсан айында іске қосылып, жұмысшы орны 450-ге жетеді.

    Сонымен қатар мұнда, теледидар мен кондиционер сияқты басқа да тұрмыстық техника шығарылады. Бұл бәсекеге қабілетті өнімдер ТМД елдеріне экспортталады.

    Мемлекет басшысы Ахангаранда дайын индустриалды инфрақұрылым бар екенін, бұл шетелдік инвестицияларды тартуға зор мүмкіндік екенін атап өтті. Осындай кәсіпорындарды кеңейту мақсатында электротехникалық сала аймағын құру туралы ұсыныс жасалды.

    Мұндағы металл құбыр зауытының орны осыдан бес жыл бұрын тақыр алқап болатын. 2018 жылдан бастап өнеркәсіп кешені құрылды. Құны 49 миллион АҚШ доллары болатын бұл жобаның жабдықтары Түркиядан әкелінді. Жылдық 205 мың тонна металл бұйымдарын шығару қуаттылығына ие кәсіпорында 250 жұмыс орны ашылды. Биылғы жылдың 6 айында 4 миллион долларға жуық өнім экспортталды.

    «Silk рlast quality» кәсіпорны жылына 13 мың тонна полимерлі құбырлар мен фитингтер шығарады. 78 адам жұмыспен қамтылған.

    Мемлекет басшысы осында «Ангрен» еркін экономикалық аймағында өндірілген өнімдер көрмесін аралады. Жаңа жобаларды қалыптастыру, халықты жұмыспен қамтуды арттыру жөнінде тапсырмалар берілді.

    «Ангрен» еркін экономикалық аймағында тағы 42 жоба бойынша жұмыс басталған болып, оларда 5 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates