Фермер қожалығының жер көлемі 45 гектарды құрайды. Биыл 70 центнер астық, 40 центнер мақта өндіру жоспарлануда. 35 адам тұрақты және маусымдық жұмыспен қамтылған.
Мемлекет басшысы егін шаруашылығының дамуын тексеріп, астық пен мақтаның сорты және өнімділігіне қызығушылық танытты.
– Ауыл шаруашылығына ғылым мен инновация не үшін қажет дейміз? Ең алдымен сапа мен өнімділік үшін. Жоғары табыс тапқысы келетін шаруа ғылыммен бірге еңбек өнімділігін арттыруға тырысуы керек, деді Шавкат Мирзиёев.
Астықтан босаған алқаптарды қайта егуге жұмыссыз азаматтарға жер беріліп жатқаны белгілі. «Камола Камолбек Куюн» шаруа қожалығында әлеуметтік есепке алынған 34 азаматқа 20-25 сотық жер телімі берілді. Олар көкөніс, картоп, пияз, сәбіз және басқа да егін егіп, жақсы табысқа қол жеткізген. Биыл қосымша 18 азаматқа шаруа қожалығын құру үшін 30 гектар жер телімі беріледі.
Президент осындай жер иелерімен сөйлесті.
– Тұрғындарға жер беріліп, тұқым, тыңайтқыш мәселесінде көмек көрсетілуде. Тек жұмыс істеу ғана қалды. Әрбір отбасы әрекет жасап, өміріне өзгерістер енгізсе, жоқшылық та, кедейлік те болмайды, – деді Мемлекет басшысы.
Сұрхандария климатында 3 ретке дейін өнім алуға болатыны, халыққа көмектесіп, табыс көзін жасау керектігі баса айтылды.